Алматы облысы Ұйғыр ауданының прокуратурасы жастарға заңға құрметті көзқарас қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар өткізді.
«Заң мен Тәртіп» акциясын орындау шеңберінде, политехникалық колледж студенттері аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына апарылды. Олар ұсталушылардың камераларын көріп, құқықбұзушылық үшін заңмен көзделген жауапкершілік туралы мағлұмат алды. Прокуратура өкілдері бостандықтан айырылу – тек жаза емес, болашаққа үлкен соққы екенін атап өтті.
Бұл тәрбиелік жұмыстың жалғасы ретінде прокуратура полициямен бірлесіп түнгі рейд ұйымдастырды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Прокуратура заңдылықты нығайту және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТәртіп
#ҚауіпсізҚоғам
#ЗаңҮшін
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1052785?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау