Қазақстан Республикасының Ата Заңының 30 жылдық мерейтойына арналған қаладағы дін өкілдері клубының кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дін істері басқармасы Қазақстан Республикасының Ата Заңының 30 жылдық мерейтойына орай, Діни бірлестіктердің басшылары Клубының кезекті отырысын өткізді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы, 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп атап көрсетілген. Ата Заңымыздағы осы қағидалар – мемлекетіміздің зайырлы сипатының айқын белгісі.
Сіздердің елімізде діни тұрақтылық пен келісімді, сондай-ақ толеранттылықты сақтаудағы еңбектеріңіз жоғары бағаланады. Ортақ мақсатымыз – әлеуметтік бейбітшілікті, ұлттар мен діндер арасындағы өзара сыйластықты, төзімділікті және түсіністікті сақтау әрі нығайту. Осы орайда, Конституциядағы негізгі қағидаларды берік ұстанып, бірлігімізді одан әрі бекемдеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
2025 жыл – қазақ халқының ұлы ойшылы, кемеңгер ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толатын мерейтой жылы. Бұл – ұлттық сананы жаңғыртудың, рухани құндылықтарды дәріптеудің маңызды кезеңі. Абай мерейтойы тек елімізде ғана емес, шетелдерде де жоғары деңгейде аталып өтуде.
Қала әкімдігі тарапынан мерейтойға орай мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, Абай мұрасының маңызы мен қазіргі заманмен үндестігі теологтар тарапынан кеңінен насихатталуда.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама. Бұл жоба тек экологиялық мәдениетті қалыптастыруды ғана емес, патриотизмді, отансүйгіштікті, этнос пен дінге қарамастан бір-біріне құрметпен қарауды, толеранттылықты арттыруды және ұлттық құндылықтарды сақтауды көздейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-din/press/news/details/1052682?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version