Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының алдын алу, сондай-ақ халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында «Тұтынушыларды қорғау» Қоғамдық бірлестігі «РИО» СОО және «Орталық базар» СО кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қоғамдық бақылау жүргізді.
Іс-шара облыстық мәслихат депутаттары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қоғамдық бақылау қолданыстағы заңнамада белгіленген негізде, тәртіппен жүргізіледі және бір кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жылына екі реттен артық жүргізілмейді. Мұндай тексерулердің негізгі мақсаты – тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, кәсіпкерлер арасында да, азаматтар арасында да құқықтық мәдениет деңгейін арттыру.
Айта кету керек, «Тұтынушыларды қорғау» Қоғамдық бірлестігі бұрын бірнеше рет бизнес өкілдері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Негізгі назар тұтынушылардың құқықтарын сақтау, тауарлар мен қызметтер туралы толық және сенімді ақпарат беру, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттілігіне аударылды.
Жүргізілген қоғамдық бақылау тұтынушылар мен бизнес арасындағы сындарлы өзара іс-қимылдың қалыптасуына бағытталған кезекті маңызды қадам болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1052706?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау