Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, қырық сегізінші сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, қырық сегізінші сессиясы өтті

            2025 жылғы 18 тамызда сағат 15:30-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезектен тыс, қырық сегізінші сессиясы өтті.

            Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізілді:

  1. Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылы 25 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №35-3 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы;
  2. Ауданның бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы;
  3. Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын және жұмыс тобының құрамын қайта құру туралы;
  4. Жуалы ауданының әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы;
  5. Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі №21-3 «Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы;
  6. «Жуалы ауданының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы;
  7. Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 қарашадағы №31-5 «Жуалы ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Жуалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы.

            Кезектен тыс сессия отырысына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы және тиісті бөлім басшылары қатысты.

            Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhualy/press/news/details/1052819?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version