Құрметті мақтааралдықтар!
Қадірменді спортшылар және спорт сүйер қауым!
Барша спорт саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді елімізде дәстүрлі түрде тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін — Спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Спорт – бұл жай ғана жарыс немесе дене шынықтыру емес, ол – ерік-жігердің, табандылықтың, тәртіптің және жоғары рухтың көрінісі. Спорт – ұлттың саулығы мен елдің болашағы. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау – мемлекеттік маңызы бар істердің біріне айналды. Бұл бағытта Мақтаарал ауданында да жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді.
Соңғы жылдары ауданымызда спорт инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылуда. Жаңа спорт кешендері мен алаңшалар салынып, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері өз жұмысын кеңейтіп жатыр. Ауылдық жерлерде де тұрғындардың спортпен шұғылдануына толық жағдай жасалуда. Бұл — ұлт денсаулығына, болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуына салынған инвестиция.
Мақтаарал өңірі – тек еңбек пен білімнің ғана емес, спорттың да қарашаңырағы. Ауданымыздан талай талантты спортшылар өсіп шықты. Олар облыстық, республикалық, тіпті әлемдік деңгейдегі додаларда топ жарып, ел мерейін үстем етіп жүр. Бұл – бапкерлердің ерен еңбегі мен жас жеткіншектердің қажырлы дайындығының нәтижесі.
Спорт тек шеберлік емес, сонымен қатар тәрбие. Ол адам бойына жауапкершілік пен адалдықты, мақсат қою мен соған жету жолындағы табандылықты сіңіреді. Сондықтан да жастарымыздың спортқа жақын болып өсуі – біздің ең басты басымдықтарымыздың бірі.
Сіздерге зор алғысымды білдіре отырып, осы айтулы мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс пен жарқын жеңістер тілеймін!
Еліміздің көк байрағы әлемдік ареналарда биіктен желбірей берсін!
Спорт күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Мақтаарал ауданының әкімі
Бақыт Асанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1052264?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау