15 тамызда Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы №187 балабақшада “Отсыз Әлем” – еліміздегі алғашқы өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-әдістемелік кабинетінің ашылуы өтті.
Балаларға өрттен қорғану, жер сілкінісі мен дауыл кезінде дұрыс әрекет ету бойынша сахналық қойылымдар көрсетілді.
Іс-шараға ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖ департаменті мен Түрксіб ауданы ТЖ бөлімінің өкілдері қатысып, бүлдіршіндерге қауіпсіздік ережелерін үйретіп, сыйлықтар мен тәттілер таратты.
Тәрбие – тал бесіктен, қауіпсіздік – балабақшадан!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1052907?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау