Таңдау өз еркіңізде: зейнетақы төлемдері зейнетақы қорынан немесе сақтандыру компаниясынан.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зейнетақы аннуитеті туралы не білесіз?

«БЖЗҚ» АҚ-да (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтары (ЗЖ) бар қазақстандықтар зейнетақы алудың бірнеше тәсілін таңдай алады. Олар: зейнетақыны БЖЗҚ-дан кесте бойынша алу (жинақтар таусылғанға дейін), өмір бойы төлем алу үшін сақтандыру компаниясымен шарт жасасу немесе осы тәсілдерді үйлестіріп қолдану.

Әр ай сайын берілетін төлемдерді өмір бойына немесе кепілдендірілген мерзім ішінде тұрақты түрде алып отыру үшін сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалуы қажет.

Зейнетақы аннуитеті деген не?

Зейнетақы аннуитеті — бұл азамат пен өмірді сақтандыру компаниясы арасындағы шарт, оған сәйкес сақтандыру компаниясы ай сайынғы зейнетақы төлемін өмір бойы немесе келісілген жасқа дейін төлеуге міндеттенеді.

Қазіргі таңда Қазақстанның сақтандыру нарығында зейнетақы аннуитетінің мына түрлері қолданылады:

  • Жедел зейнетақы аннуитеті – шарт жасалғаннан кейін төлемдер бірден басталады.
  • Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті – төлемдер шартта көрсетілген белгілі бір уақыттан кейін басталады (осы кезеңде қаражат инвестицияланып, болашақ төлемдер көлемі артады).
  • Бірлескен (жұбайлар) аннуитет – екі адамның зейнетақы жинақтары біріктіріліп, өмір бойы төлем алу қарастырылады (бірі қайтыс болған жағдайда, екіншісі төлем алуды жалғастырады). 

Аннуитет шарттары және қажетті құжаттар тізбесі мен тапсыру тәсілдері туралы толық ақпаратты БЖЗҚ сайтындағы “Қызметтер – Зейнетақы аннуитеті” бөлімінен таба аласыз.

Зейнетақы аннуитеті шарты жасалған сәттен бастап екі жыл ішінде оны бұзуға немесе өзгертуге болмайды. Осы мерзім өткеннен кейін шартқа өзгерістер енгізу мүмкіндігі берілгенімен, қаражатты БЖЗҚ-дағы шотқа толығымен қайтаруға рұқсат жоқ: сақтандыру ұйымында өзгерістер енгізілген күні қолданыста болған төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем болмайтын ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшерін қамтамасыз ете алатын сома қалуы тиіс.

Екі жылдан кейін шартты бұзу басқа сақтандыру компаниясымен жаңа аннуитеттік шарт жасалған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ретте қаражат жаңа сақтандыру ұйымына аударылады.

Шартқа қол қоймас бұрын оның барлық талаптарын мұқият оқып шығып, салмақты әрі саналы шешім қабылдау маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-astana/press/news/details/1052433?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version