ТЖМ-нің 30 жылдығына 30 шақырым: павлодарлық құтқарушылар веложарыс өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы аясында және спорт күніне орай спорттық акция– веложарыс ұйымдастырды.

Іс-шараға басқарманың 30 қызметкері қатысты. Олар 30 шақырым қашықтықты жүріп өтті, бұл мерейтойлық күннің символдық көрінісі болды. Велошеру достық және жігерлі атмосферада өтті, оның басты мақсаты мерекені атап өту ғана емес, сонымен қатар белсенді және салауатты өмір салтының маңыздылығына назар аудару болды.

          Департамент басшылығының айтуынша, мұндай бастамалар корпоративтік рухты нығайтады, ұжымды біріктіреді және қызметтің күші топтық жұмыста екенін еске салады.

          Биыл Қазақстан ТЖМ құрылғанына 30 жыл — ел азаматтарының қауіпсіздігі мен қорғалуына үш онжылдық!

      

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1052821?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version