Ағаштан тұрғызылған шағын баспананың көлеңкесі аула тұрғындары үшін жайлы демалыс орнына айналып, кешкілік бас қосып, әңгіме-дүкен құратын жылы ошаққа айналды. Бастама авторларының айтуынша, бұл тек сән-салтанат үшін емес, келешек ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен тәрбие берудің бір жолы ретінде қарастырылған.
– Бұл ағаш үйді сән үшін емес, өскелең ұрпаққа тағылым болсын деген ниетпен жасадық. Барлығымыз атсалысып, әркім өз идеясын ұсынды. Соның нәтижесінде осындай ерекше көрініс пайда болды. Қазір бұл жер көршілермен емен-жарқын тілдесіп, тынығатын сүйікті орынға айналды, – дейді бастама көтерушілердің бірі Балғожа Есжанов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1052579?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау