Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы Солтүстік Қазақстан облысы педагогтерінің тамыз саммитінің панельдік секциясына қатысып, «943-нысаналы мектептерді дамыту» жобасын іске асыру тұрғысынан білім беру сапасының мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
Департамент оқу жылы ішінде өткізген 20 нысаналы мектеп бойынша мониторинг қорытындысын жариялады, сондай-ақ жобаны іске асыру бойынша жобалық кеңсемен жүргізілетін бірлескен жұмыс туралы айтып өтті
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұйымдастырған «Білім келешегі: адал азамат, кәсіпби маман» атты республикалық тамыз конференциясы аясында «943 – елдегі нысаналы мектептерді дамыту» атты панельдік секциясының барысы туралы хабардар етті. Бұл секция жұмысына
Департамент өкілдері, аудандық, қалалық бөлімдердің меңгерушілері, мектеп директорлары қатысқан болатын.
Панельдік секция тәжірибе алмасуға және мақсатты мектептердің білім сапасын арттырудың тиімді шешімдерін іздеуге арналған алаңға айналғаны туралы атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1052929?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау