ХАБАРЛАМА
Успен ауданының Қоғамдық кеңесі аудандық қоғамдық кеңестің шығып қалған бір мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне конкурс хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
Ұсыныстар осы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қоғамдық кеңеске Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестері туралы» Заңының 10-бабына сәйкес келесі құжаттарды ұсынумен жазбаша нысанда беріледі:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар
- Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін usp_maslixat@mail.ru электрондық мекенжайына немесе Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 71, 17 кабинетке ұсыну керек, анықтамалар үшін телефон 91-360
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uspenka/press/news/details/1052536?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау