Бүгін Түркістан қаласы аумағында қала тазалығы мен көркейту жұмыстарына бағытталған жалпы қалалық сенбілік өтті. Іс-шараға қалаға қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден құралған 500-ге жуық қызметкер жұмылдырылды.
Сенбілік барысында Отырар тұрғын алқабы аумағында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 10 арнайы техника тартылып, шөптер шабылды, аяқ жолдар тазартылды, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Нәтижесінде 12 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, аумақ толықтай тазартылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1052872?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау