2025 жылғы 18 тамызда Жамбыл ауданында Тараз қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларының қызметін талдау мен бағалау мақсатында ведомствоаралық жұмысшы тобының жиналысы өтті. Жиналысқа Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, ведомствоаралық жұмысшы тобының жетекшісі Байболат Ерлан Бейсенұлы, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ ауданның мекеме, бөлім басшылары мен қала және ауылдық округтер әкімдері қатысты.
Жиналыстың басты тақырыптарының бірі 2025 жылдың көктемгі мерзімді әскерге шақыру қорытындылары мен күзгі шақыруды ұйымдастырудың дайындық барысы болды. Әскерге шақырылушыларды алдын ала зерттеу жұмыстары бойынша басқарма басшысы тарапынан аталған зерттеуді дұрыс және талапқа сай жүргізу туралы нақты тапсырма берілді. Жалпы 2025 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанында Жамбыл ауданы берілген жасақты толық орындап теңімен жапты (Жасақ саны – 110, әскерге жіберілген адам саны – 110).
Жиналыс қорытындысы бойынша, басқарма басшысы Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдады. Жамбыл облысы әкімінің 2025 жылғы 21 ақпандағы №19-ө өкімімен бекітілген жол картасы аясында жергілікті қорғаныс істер жөніндегі бөлімді жаңа ғимаратқа көшіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстың аудан әкімінің жеке бақылауында болуы тиіс екендігі жөнінде нақты тапсырма берілді. Жұмыс нәтижелерін ескере отырып, басқарма басшысы тиісті лауазымды тұлғаларға бұл жұмыстарды одан әрі жетілдіру үшін нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1052692?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау