Бұл күндері елордамыз Астана қаласында Спорт күніне орай сала қызметкерлері арасында республикалық Спартакиада ұйымдастырылған болатын.
Жамбылдықтардан қол күресі спорт түрі бойынша -80 және +80 салмақ дәрежелерінде Танырбергенов Сабит және Сарсенов Құмар қола жүлдегер атанып, командалық есепте Жамбыл облысы қол күресінен екінші орынға ие болды. Тоғызқұмалақтан жекелей жарыста Қазыбеков Ғани күміс жүлде иеленсе, асық атудан Ибрагимов Болатбек жеңімпаз атанып, командалық есепте Жамбыл облысы топ жарды. Кіші футбол, арқан тарту сайыстарындада тартысты бәсекелер өткізді.
Осылайша Спорт күніне арналған республикалық Спартакиадада Жамбыл облысы жалпы командалық есепте күміс жүлдегер атанды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport/press/news/details/1052502?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау