Жамбыл облысы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы 2025 жылғы 14 тамызда Астана қаласындағы №103 орта мектепте өткен Республикалық тамыз конференциясына қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жамбыл облысы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы 2025 жылғы 14 тамызда Астана қаласындағы №103 орта мектепте өткен Республикалық тамыз конференциясына қатысты.
Конференция «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында ұйымдастырылып, педагогикалық қауымдастықтың кәсіби дамуын қамтамасыз етуге, білім беру сапасын арттыруға арналған маңызды мәселелер қаралды.
Аталмыш іс-шара аясында «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» бағдарламасына арналған панельдік сессия өткізілді. Сессия барысында:
-мақсатты мектептерді дамыту стратегиялары мен тәжірибелері таныстырылды;
-педагогикалық ұжымдарды кәсіби даярлау және оқушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз ету механизмдері талқыланды;
-білім беру жүйесіндегі үздік тәжірибелерді енгізу жолдары қаралды;
-елдегі білім сапасын арттыру және педагогикалық қауымдастықты қолдау бағытындағы нақты ұсыныстар ұсынылды.
Конференция аясында «Кедергісіз білім беру: сапа мен қолжетімділік» панельдік секциясы өтті. Оған өңірлік білім басқармалары мен әдістемелік орталықтардың өкілдері, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы негізгі мәселелерді, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау, инклюзивті ортаны дамыту, көмекші технологияларды қолдану, әлеуметтік қолдау мен оңалту қызметтерін талқылады. Арнайы мектептерді жабдықтау және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау мәселелері жеке қарастырылды.
Панельдік секция барысында Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Лаура Бутабаева инклюзивті білім берудің маңыздылығын атап өтіп, қазіргі таңда мектептердің 91%-ында инклюзивті білім беру жағдайлары қамтамасыз етілгенін жеткізді. Орталық мамандардың біліктілігін арттырумен қатар, 83 оқулық пен оқу-әдістемелік кешен, 15 әдістемелік ұсыным және 67 бейімделген типтік оқу бағдарламасын әзірледі.
Секция аясында «E-ымдау» мобильді қосымшасының таныстырылымы мен әдістемелік көрме өтті, инклюзивті және арнайы білім беру туралы бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар, «Әдістемелік орталықтар: дамудың жаңа парадигмасы» секциясында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әдістемелік орталықтардың білім беру сапасын арттырудағы рөліне тоқталды. Педагогтерге сапалы әдістемелік қолдау көрсету, кадрлық әлеуетті күшейту және EdTech пен жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселелері талқыланды.
Қазіргі таңда Қазақстанда 20 облыстық және қалалық әдістемелік орталық пен 205 аудандық кабинет жұмыс істейді, онда 3 мыңнан астам әдіскер қызмет атқарады.
Сессияға қатысушылар білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, педагогикалық тәжірибені жетілдіру және мектептердің тиімді жұмысын қамтамасыз ету жолдарын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhambyl/press/news/details/1052473?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version