2025 жылғы 1–11 тамыз аралығында Таиландтың астанасы Бангкок қаласында өткен WORLD BOXING Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған Абай облысының спортшысы Жанель Имантаева қола жүлдеге ие болды.
Бұл байрақты бәсекеге Азия құрлығының мықты былғары қолғап шеберлері қатысып, жоғары деңгейдегі тартысты жекпе-жектер өтті.
Чемпионаттан оралған спортшыны Абай облысында зор қуанышпен қарсы алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1052362?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау