ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Бүгін Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде ауқымды бүкілхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Шара аудан тұрғындарын табиғатты қорғап, тұрмыстық қалдықтардан арылып, елді мекендерді абаттандыруға бағытталған. Сенбілікке аудан әкімдігі қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері, білім беру ұйымдарының ұстаздары мен жастар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Жалпы, акцияға …. мыңнан астам адам атсалысты. Тазалық жұмыстары барысында ауыл ішіндегі көшелер, саябақтар, аулалар, арық-атыздар мен жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, ағаш түптері әктеліп, гүлзарлар ретке келтірілді, су арналары тазартылып, көшеттер отырғызылды.
Қазығұрт ауданының әкімі сенбілікке қатысқан барлық азаматтарға алғысын білдіріп, «Таза Қазақстан» акциясы тек бір реттік шара емес, жыл бойы жалғасатын экологиялық қозғалыс екенін атап өтті. Ол тұрғындарды туған жердің табиғатын қорғауға, ауланы таза ұстауға және балаларға экологиялық тәрбие беруге шақырды. Мұндай ауқымды сенбіліктер алдағы уақытта ауданның барлық ауылдық округтерінде жүйелі түрде өткізіліп, елді мекендердің көркейіп, гүлденуіне ықпал ететін болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
#ЧистыйКазахстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1052759?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау