Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу үшін өтінімдер қабылдау туралы жариялайды.
Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізімге енгізу туралы осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес нысаны бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізімге енгізу үшін санатына байланысты осы Қағиданың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).
Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізу үшін өтініштер 2025 жылғы «1» қыркүйек пен 2025 жылғы «15» қыркүйек аралығында жұмыс күндері сағат 9.00-18.30, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 (жергілікті уақыт) жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркеу орны бойынша қабылданады:
«Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік Гүлзары, 9, 3 қабат, сол жақ қанат, 331 кабинет, байланыс телефоны: 8 (7213) 41-01-47, электрондық пошта мекенжайы: gu_tem@mail.ru.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kasipkerlik-temirtau/press/news/details/1052902?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау