«Жұмысым – жалпы процестің маңызды бөлігі»: автокран машинисі елорда тұрғындарына жылудың үздіксіз берілуін қалай қамтамасыз етеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның елордалық кәсіпорнында қаланың өмірлік қажеттілігін қамтамасыз етуде зор үлес қосатын нағыз кәсіби мамандар еңбек етеді. Олардың бірі – Александр Прокопюк 15 жылдан бері Астананың жылу трассаларын салу және жөндеу нысандарында қызмет атқарады. Оның жұмысы көптонналық құбырлар мен жабдықтарды көтеру және орнатумен байланысты, бұл әрекеттерсіз қала тұрғындарына жылу мен ыстық судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету мүмкін емес, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Александр Прокопюктың айтуынша, автокран машинисінің жұмысы жоғары концентрацияны, жауапкершілікті және дәлдікті талап етеді.

«Негізгі қиындықтар ауыр жүктермен шектеулі кеңістікте жұмыс істеуге байланысты. Кез келген қателік апатқа немесе жабдықтың зақымдануына әкелуі мүмкін, сондықтан қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау және объектідегі әріптестермен нақты өзара әрекеттесу өте маңызды», – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, жұмысты кез келген ауа райында орындауға тура келеді – аязда да, аптап ыстықта да.

«Кейде шұғыл жағдайлар болады, әсіресе жылу трассаларында апатты жағдайлар туындаған кезде, көтеру-қондыру жұмысын жылдам әрі дәл орындау қажет», – деді Прокопюк.

Александр Филиппович Ақмола облысының Родина ауылында дүниеге келген. Ол еңбек жолын толықтай автокран машинисі мамандығына арнаған. Мамандығын да ойланып барып таңдаған, айтуынша әкесі де кран машинисі болып жұмыс істеген, ал үлкен ағасы қазір де осы салада еңбек етеді. Осылайша, елорда дамуына жыл сайын өз үлесін қосып келе жатқан нағыз еңбек династиясы қалыптасқан.

Қазіргі уақытта Александр жылу желілерін тарту және жөндеу кезінде ауыр құбырлар, жабдықтар мен басқа да конструкцияларды көтеру және орнатуға қатысады.

«Менің жұмысым – қаланы сенімді жылумен қамтамасыз етудің жалпы процесінің маңызды бөлігі. Автокрансыз көптеген жұмысты орындау мүмкін емес, әсіресе жылу желілерінің ірі элементтерін ауыстыру немесе жөндеу кезінде. Осылайша, мен Астана тұрғындарына жылу мен ыстық судың үздіксіз берілуіне өз үлесімді қосып отырмын», – деп қорытты ол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1052608?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version