18 тамыз аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:
– аудан әкімі берген тапсырмалардың орындалуы;
– ауылдық округтердің аумақтарын абаттандыру жұмыстары.
Күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы А. Хайдар баяндама жасап, тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар елді мекендерді абаттандыру іс-шаралары, санитарлық жағдай мен қоғамдық аумақтарды күтіп-ұстау мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар беріп, белгіленген міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1053262?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау