Алкоголь мен есірткі, психотроптық заттарды қолдану салдары түсіндірілді
Алматы қаласы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі полиция майоры Сұлушаш Досболова мен “Наркоstop” қоғамдық ұйымының психологы Мұрат Ходжаев №13 мекеменің сотталғандары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстары қайта әлеуметтендіру мәселелеріне және құқық бұзушылықтарды алдын алу, салдарына, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында және босатылғаннан кейін алкоголь мен есірткі, психотроптық заттарды қолдану салдарына баса назар аудара отырып жүргізілді.
Сұлушаш Досболова адамдарды қылмыс жасауға қалай тартатынын және өзін қалай осындай қылмыстан қорғау керектігін айтты.
Психолог алкоголь мен есірткіні қолдану адам денсаулығына қалай зиян тигізетінін, дененің барлық жүйелеріне әсер ететінін егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, алкогольдің психикалық денсаулыққа теріс әсер етуі, иммунитетті әлсірететіні және әлеуметтік деградацияға әкелетінін ескертті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1053298?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау