Бүгін «Қоғам дауысы» жобасы аясында азаматтық қоғам белсенділеріне арналған семинар-тренингтер басталды. Бұл іс-шаралар азаматтық белсенділікті арттыру және қоғамдық бақылау мәдениетін дамытуға бағытталған.
Сондай-ақ, азаматтық құқықтық сананы қалыптастыра отырып, мемлекет пен қоғам белсенділері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуды көздейді. Семинарға үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңес мүшелері, журналистер және басқа да өңірдің белсенділері қатысуда.
Іс-шара барысында қатысушыларға республикалық және облыстық деңгейдегі түрлі сала мамандары мен қоғам белсенділерімен тәжірибе алмасып, ашық диалог құруға мүмкіндік беріледі.
Семинардың бірінші күні республикалық сарапшы, «BasQaru» қоғамдық қорының төрағасы Марғұлан Ермағанбетұлы «Қоғамдық бақылау туралы» заң нормаларын түсіндіріп, әлеуметтік зерттеулер жүргізу әдістерімен бөлісті.
Оқыту курстары 26 тамызға дейін жалғасып, «Азаматтық қоғам өкілдерін шешім қабылдау процестеріне тарту», «Тіл мәдениеті және көпшілік алдында сөйлеу», «Қоғамдық кеңестер мен ҮЕҰ: Қоғамдық бақылаудағы рөлі мен мүмкіндіктері» және «Стратегиялық коммуникациялар: аналитика, нақты инструменттер мен кейстер» сынды тақырыптарды қамтиды.
Айта кетейік, «Қоғам дауысы» жобасы – облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «4 билік» Атырау журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1053610?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау