Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Кеше аудандық мәслихатының ғимаратында аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері және депутаттық өкілеттіктер мен әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халық денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстары өтті.
Отырыстар комиссия төрағалары Е. Шахметов пен Г. Даитованың төрағалығымен өтті. Отырыс жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық және аудандық мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, кейбір дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды:
1. «Шортанды ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы» ақпаратты (Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Мұнтаева ұсынды.
2. «Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы «Шортанды Су» ШЖҚ МКК жұмысы туралы» ақпаратпен «Шортанды Су» ШЖҚ МКК директорының м.а. Б. Қазкенов сөз сөйледі.
Талқылау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар сұрақтар қойып, ескертулер мен ұсыныстар айтты. Екі мәселе бойынша депутаттар мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар жұмысының тиімділігін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, ауданның экономикасы мен әлеуметтік саласын дамыту үшін шаралар кешенін көздейтін қаулылар қабылдады.
 
 
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shortandy/press/news/details/1053058?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version