Түркістан облысы Созақ АПБ қызметкерлеріне «Ғаламды алаңдатқан ғаламтор» атты тақырыпта ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің мақсаты – азаматтар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, олардың ғаламтордағы ақпарат ағынында адаспай, рухани байлығымызды сақтай білуіне ықпал ету болып табылады.
Шара барысында интернеттің ұлт тәрбиесіне әсері, әлеуметтік желілердегі теріс контенттің қаупі, сондай-ақ ұлттық болмысымызды ғаламтор кеңістігінде қорғау жолдары кеңінен талқыланды.
Спикерлер ретінде, психолог және теолог мамандары сөз сөйлеп, ұлттық тәрбие мен заманауи технологияның байланысы жайлы өз пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар, кез-келген ақпаратты ғаламтордан алу барысында сақтық және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, күмәнді сілтемелерден ақпараттар алмауға кеңес берді.
Қатысушылар арасында пікір алмасу өтіп, қатысушылардың белсенділігі жоғары болды.
Шара соңында спикерлер қызметкерлерді қауіпсіз болуға және ұлттық құндылықтарды әрқашан құрметтеуге шақырды.
Шараға 50-ге жуық қызметкерлер қатысты.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1053192?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау