Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.К. Шәрбиев бейнеконференция форматында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің (бұдан әрі –ТМД МЭК) ХІ отырысына қатысты.
Аталған іс-шараға Беларусь Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі С.М. Масляк, Армения Республикасының Қоршаған орта министрінің орынбасары А.В. Мкртчян, Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрінің орынбасары Д.Д. Тетенкин, Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қоршаған ортаны қорғау комитеті Төрағасының бірінші орынбасары И. Шукурзода, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Экология, қоршаған орта және климаттың өзгеруі министрлігінің, Қырғыз Республикасы Табиғи ресурстар, экология және техникалық бақылау министрлігінің және ТМД органдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар Х Кеңес шешімдерінің және 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы ТМД МЭК Хатшылығының ақпаратын тыңдады, қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама, трансшекаралық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және жұмыс істеу саласында тәжірибемен алмасты.
Бұдан өзге, Тараптар ТМД аумағында бірегей табиғи жүйелерді сақтау бойынша аймақтық ынтымақтастық шеңберінде трансшекаралық биосфералық “Алтай” резерватын құру және тиімді пайдалану бойынша Қазақстанның тәжірибесімен танысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша ТМД МЭК-тің кезекті ХІІ отырысын 2026 жылы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1053065?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау