Түркістан қаласы «Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-і мекеме қызметкерлерінің қатысуымен «Кітапхана ұлт тәрбиесінің бастауы» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге облыстық білім басқармасының тәрбие бөлімінің мамандары, терроризмге қарсы комиссиясының мүшелері мен ақпараттық насихаттық топ мүшелері қатысты.
Шараның басты мақсаты – кітап оқудың маңыздылығын арттыру, ұрпақ тәрбиесінде кітапхананың рөлін нығайту және ұлттық құндылықтарды насихаттау болып табылады.
Кездесуге ұстаздар, оқырмандар, ардагерлер және мәдениет саласының қыззметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында ұлттық тәрбиенің негізі саналатын кітапқа деген құрмет пен кітапхананың рухани-мәдени орталық ретіндегі орны туралы мазмұнды баяндамалар жасалды.
Шарада қазақ халқының даналығы мен тәлімін ұрпаққа жеткізуде кітаптың алатын орны, сондай-ақ отбасы тәрбиесі мен кітапхананың байланысы туралы кеңінен сөз болды.
Спикерлер жастарды кітап оқуға баулудың заманауи әдістері туралы өз ойларымен бөлісті.
Кездесу қатысушылары өзара пікір алмасып, ұлттық тәрбие мен кітап оқудың маңызы жайлы терең ой қозғады.
Шара соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Кездесуге 50-ге жуық азаматтар қатысты.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1053188?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау