«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 4200 ДЕН АСТАМ ОҚУШЫ КӨМЕК АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес ауданымыз бойынша 5 санатқа жататын 3 450 мектеп жасындағы баланың ата-аналарының шотына 46 228 теңге көлемінде қаржы аударылды.
Сонымен қатар аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан орталығының Темірлан елді мекенінің орталық алаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында кең ауқымды мектеп жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге Шымкент қаласының «Авто-Нұр» ЖШС сауда орталығы және аудан орталығында кәсібін дөңгелетіп отырған 70-тен астам кәсіпкер атсалысты. Олар жаңа оқу жылына қажетті мектеп формаларын, спорттық киімдерді, кеңсе тауарларын және өзге де қажетті құрал-жабдықтарды нарықтағы бағадан төмен, қолжетімді бағада ұсынды.
Сондай-ақ, жаны жомарт азаматтарды қайырымдылық іс-шараға тарту арқылы аудан әкімдігі мен білім бөлімі жәрмеңке барысында 310 балаға қосымша қолдау көрсетіп, ақшалай қаражатпен қатар киім-кешек және мектепке қажетті кеңсе тауарларын табыс етті.
«Мектепке жол» республикалық акциясының негізгі мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп, олардың мектепке баруын жеңілдету.
Әрбір оқу жылы – балалар үшін үлкен қуаныш пен мереке. Осындай ауқымды әрі игі шаралар арқылы бүлдіршіндер мектеп табалдырығын шат-шадыман көңіл-күймен аттап, білім әлеміне қадам басады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1053141?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version