Мобилографтар арасында «Еңбек адамы» байқауы өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Адамның маңдай тері мен қажырлы еңбегін мәңгі есте қалдырудың ең әсерлі жолдарының бірі – заманауи мобилография өнері. Техниканың мүмкіндігі мен автордың жүрек жылуы тоғысқанда, қарапайым кадрға тұтас дәуірдің тынысы, еңбек адамының бейнеті мен абыройы сыйып кетеді.

 

Ал бұл байқау – еңбек адамын ұлықтаудың, ұрпақ санасына құрмет ұялатып, жаңа технология мүмкіндігін игере отырып өнеге тастаудың бірегей тәсілі. Шығармашылықтың осынау ерекше түріне айрықша мән беріп, мобилограф жұмысы арқылы еңбек адамдарын ұлықтау мақсатында БҚО Қоғамдық даму басқармасы мен «Жайық Пресс» ЖШС бірлесіп 2025 жылдың 15 тамызы «Еңбек адамы» тақырыбында байқау жариялайды.

 

Байқауға кәсіби мобилографтар мен әуесқойлар – жасы, мамандығы мен қызығушылықтарына қарамастан, Батыс Қазақстан облысы аумағында тұратын Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатыса алады.
         Байқауға қатысу үшін үміткер төменде көрсетілген форма бойынша мәліметтерді «Мобилографтар байқауына» деген белгімен байқау ұйымдастырушысының 2015_kb@mail.ru электрондық поштасына жолдауы қажет:

  1. Аты-жөні, фотосы       

  2. Байланыс нөмірі

  3. Тұрғылықты мекенжайы      

  4. Қатысушының кемінде 5 жұмысының сілтемесі (отбасылық той, ұжымдық кештерде түсірілген бейне контенттерден басқа)

 

Байқаудың мерзімі.

– басталуы: 2025 жылдың 15 тамызы күні.

– 1-кезең мерзімі. Қатысушылардың тіркелу кезеңі 2025 жылдың 15 тамызынан 2025 жылдың 25 тамызы сағат 18.00-ге дейін.

– 2-кезең мерзімі. Іріктеу мерзімі 2025 жылдың 26 тамызынан 28 тамыз аралығы (3 жұмыс күні).

– 3-кезең мерзімі. Қатысушылардың бейнеконтент дайындап, жариялауы 2025 жылдың 29 тамызы мен 2025 жылдың 20 қазан аралығы.

– 4-кезең мерзімі. Ұйымдастыру комиссиясы 2025 жылдың 21 қазан мен 23 қазан аралығында жеңімпаздарды анықтауы тиіс.

1.5. Байқаудың нәтижесін шығару: 2025 жылдың 23 қазан күні.

1.6. Байқауға қатысушылардың бейнематериалдарына келесідей техникалық талаптар қойылады:

– бейнематериалға ұйымдастырушы ұсынған логотиптер орналастырылуы тиіс;

– видео MP4, MOV форматында ұсынылуы тиіс;

– бейненің ажыратымдылығы 1920×1080 пиксельден төмен болмауы қажет;

– әрбір бейнероликтің көлемі 500 Мb-тан аспауы тиіс.

 

Байқау ережелері мен жүлде қоры туралы толығырақ сілтеме арқылы таныса аласыз: https://zhaikpress.kz/kk/news/mobilograftar-arasynda-bajkau-zhariyalandy/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1053269?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version