Мұнай-газ машина жасау форумы мен Операторлар ашық есік күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталығымен (IMBC) бірлесіп, 2025 жылғы 25 қыркүйекте Ақтауда шетелдік және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілердің қатысуымен отандық тауар өндірушілерді қолдауға және елішілік құндылықты дамытуға бағытталған Мұнайгаз машина жасау форумы мен Операторлар ашық есік күні (ТШО, NCOC, КПО және ККО) өткізеді.

Іс-шара шеңберінде:

  • ТШО, NCOC, КПО және ККО Операторлары тарапынан сатып алынатынмұнай-газ жабдық тауарларын көрсету;
  • Қазақстандық тауар өндірушілер мен Қазақстандық жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілердің көрмесі;
  • Сатып алу және тендерлік рәсімдер бойынша ТШО, NCOC, КПО және ККО Операторларының сессиялары;
  • Электрондық каталогтар мен брошюраларды пайдалана отырып, ТШО, NCOC, КПО және ККО Операторларымен B2B кездесулері.

✅ Форумға қатысуға ниет білдіргендер үшін ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін міндетті түрде https://imbc.kz/forum сайтында тіркелу қажет.

📌 Форумға қатысу бойынша толығырақ https://imbc.kz сайтынан немесе +7(7172) 399 966 телефоны арқылы  📧 forum@imbc.kz танысуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1053639?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version