Сандықтау ауданы Новоромановка ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шара барысында аудан әкімінің атынан сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова бекеттің ашылуы шалғай орналасқан елді мекендерде тұратын тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Шара қонақтары жаңадан құрылған бөлімшенің материалдық-техникалық базасымен танысып, өрт сөндіру техникасы мен арнайы жабдықтарды көріп, жеке құрам өкілдерімен әңгімелесті.
Атап өту қажет, бұл өрт сөндіру бекеті – ауылдық елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама аясында Сандықтау ауданында ашылған бесінші нысан болып табылады.
Аталған жобаларды іске асыру төтенше жағдайлар туындау қаупін төмендетіп қана қоймай, азаматтардың жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтеріне деген сенімін арттыруға септігін тигізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1053622?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау