Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үйге немесе емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуді салымшының таңдауы бойынша БЗТ алған кезде бірден немесе зейнетақыға дейін кейінге қалдыру арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал санаттарға жататын адамдар БЗТ түріндегі кірістерден стандартты салық шегерімдеріне (882 АЕК[1] шегінде) құқылы. Алайда, көптеген адамдар БЗТ алған кезде ЖТС-ті бірден төледі. Бұл жағдайда әлеуметтік осал топтарға жататын алушылар ұсталған ЖТС-ты қайта есептеп, қайтарып алу үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алады. Бұрын мұндай құжаттарды тапсыру мерзімі үш жыл болған. БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған азаматтар әр түрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдаланып үлгермеген. 2025 жылғы 15 шілдеде қолданыстағы Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгертулерге сай, жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды
[1] Айлық есептік көрсеткіш
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1053043?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау