«Шекара – ел айнасы, Шекарашы- ел қорғаны» атты мерекелік салтанатты іс-шара өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Достық ауылдық округінде 18 тамыз -ҚР Шекарашылар күніне орай «Шекара – ел айнасы, Шекарашы- ел қорғаны» атты мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиында ауылдық округ әкімі Е.Енсебаев құттықтау сөз айтып, Шекарашы сарбаздарға алғыс хат табыстады. Сонымен қатар, Алакөл аудандық мәслихат депутаты Ж.Нұрмұхамедов, Ауған соғысы ардагері М.Рахимшалов, «Достық» шекаралық бақылау бөлімінің бастығы А.Сулейманов, «Достық» шекара бөлімінің бастығы Д.Нургалиев және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Достық станциясы» филиалының директоры Е. Садықов шекара әскери бөлімдерін мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты іс-шара ары қарай концерттік бағдарламамен ұласып, мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары мен сарбаздардың өнерімен жалғасты.
18 тамыз-ҚР Шекарашылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1053537?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version