ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 130 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Елімізде жаңадан ашылатын жұмыс орындарының 14,5 пайызы Түркістан облысының еншісінде. Бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында өңірде 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері 74 630 азамат жұмыспен қамтылып, оның 36 415-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл – 7 айлық жоспардың 97 пайызы.
Жұмыссыздықты азайту және халықты сапалы еңбекпен қамту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. Түркістан облысы – республикада жұмыспен қамту бағытында көшбасшы өңірлердің бірі. Өңір басшысы жүйелі жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсырып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Жұмыс орындары 4 негізгі бағыт бойынша құрылады. Атап айтқанда, Ұлттық жобалар мен жеке инвестициялар арқылы 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Мемелкет басшысының «10 мың тұрғынға – 100 жұмыс орны» бағдарламасы бойынша 22 595 жұмыс орны, субсидияланатын жұмыс орындары – 46 086, еңбек нарығындағы бос орындар – 57 221 адам жұмыспен қамтылады. 7 айдың қорытындысы бойынша 74 630 азамат жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндады.
Облыста 375 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр. Бұл жобалар аясында 2 738 жаңа жұмыс орны құрылды. Жеке инвестициялық жобалар арқылы да жұмыс орындары ашылуда. 125 жоба аясында 2 004 жұмыс орны құрылмақ. Қазіргі таңда соның 100-ге жуығы іске қосылып, 1 398 адам жұмысқа орналасты. Жобалар ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс және инфрақұрылымдық, сондай-ақ туризм салаларын қамтиды.
– Өңірлік жұмыспен қамту картасы – бұл тек уақытша шара емес, ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты құралы. Біз әрбір жаңа жұмыс орнының артында бір отбасының әл-ауқаты, бір жастың болашағы тұрғанын жақсы түсінеміз. Сондықтан жұмыспен қамту мәселесі – менің жеке бақылауымда. Барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары осы бағыттағы жұмыстарды нәтижелі әрі сапалы атқаруы қажет. Жүйелі жұмыстарды күшейтіп, инвестициялық жобаларды арттыруды тапсырамын. Бұл жұмыстар осында отырған әрқайсымыздың ортақ міндетіміз, – деді Нұралхан Көшеров.
Карта аясындағы маңызды бағыттардың бірі – жеке кәсіпкерлік субъектілері арқылы жұмыс орындарын ашу. Бұл бағытта 22 595 жұмыс орнын құру жоспарда болса, бүгінде 8 320 орын ашылды. Белсенді аудан-қалалар қатарында – Отырар, Ордабасы, Арыс және Төлеби бар. Тұрақты жұмыспен қамтуда бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің де рөлі зор. Жыл басынан бері 59 жәрмеңке өткізіліп, 2 258 азамат жұмыспен қамтылды.
Жастар тәжірибесі, «Күміс жас», қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарына тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бүгінге дейін 24 571 азамат субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. Жаңа бизнес-идеяларды қолдау үшін 1 793 азаматқа мемлекеттік грант беру көзделген. Маусымда 859 азаматқа қаржы бөлінсе, тамыз айының соңына дейін тағы 934 адам грант алмақ. Барлығы 2,82 млрд теңге қарастырылған.
Жұмыс орындарының тиімділігі мен бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына да бақылау күшейтілген. Соңғы 1,5 жылда 50 мыңға жуық азамат тексеріліп, еңбек тәртібін бұзған 3 мың азаматпен келісімшарт бұзылды. Нәтижесінде 2 млрд теңге үнемделді.
Облыста 2,9 трлн теңгені құрайтын 111 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалар 22,9 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 13 жоба іске қосылып, 2 897 жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін тағы 44 жоба іске қосылмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1053649?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version