ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
Жиын барысында Президент белгілеген негізгі 68 бағыт сараланып, әр салаға жүктелген міндеттерді тиімді жүзеге асыру жолдары талқыланды. Атап айтқанда, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және өтініштермен жұмыс істеу процестерін дамыту сынды тағы басқа негізгі салалар қамтылды.
Ертай Кенжебекұлы жауапты басқарма басшыларына тапсырмаларды нақты мерзімде орындап, сапалы әрі жүйелі орындауды, сондай-ақ жұмыс барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Жиынды қорытындылай келе, Президент тапсырмаларын жүзеге асыру жұмысын күшейтуі тиіс екенін атап өтті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tyulkubas-audany/press/news/details/1053493?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version