Түркістан облысының кәсіпқой бокс клубының қызметкерлеріне «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесуге Түркістан қаласы полиция басқармасының және қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатыстырылды.
Кездесудің мақсаты – халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге атсалысу болып табылады.
Кездесу аясында қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері А.Дүйсен өз сөзінде, «Адам баласы қашанда тәрбиеге мұқтаж. Тәрбие еліміздің, ұлтымыздың бүгіні мен болашағы баянды болуы үшін қажет. Сондықтан, алдымен бүгінгі қоғам келбетімен үндесетін ұлт болашағының бағытын анықтап алу керек. Әр ұлттың бағзы заманнан келе жатқан тәрбиелеу жүйесінің өзіндік жолы бар. Тәрбие ұлттық табиғи тамырынан үзілсе, қасиетін жоғалтады.
Халқымыздың мәдениеті ұлттық ерекшелігімен қасиетті де қадірлі. Сондықтан мәдени дамудың шыңына жетіп, өркениетті елге айналу халқымыздың табиғи қасиетіне, күш қуатына, болмыс бітіміне және т.б. ұлттық ерекшеліктерімен тығыз байланысты болмақ», – деп атап өтті.
Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар берілді және жаңа ұрпақты тәрбиелеудегі бапкерлердің рөлі зор екендігін атап өтіп, ұлт тәрбиесіне аса мән беруге шақырды.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1053221?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау