Жаппай тамақтан улану – бұл қоздырғыштармен ластанған немесе құрамында улы заттар бар тағамды жеу нәтижесінде пайда болатын өткір аурулар. Оларға бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар немесе токсиндер, сондай-ақ улы өсімдіктер немесе химиялық заттар сияқты микробтық емес заттар себеп болуы мүмкін.
Азық-түлік токсикоинфекциясы тірі микроорганизмдердің адам ағзасына тамақ өнімдерімен жұқтыру нәтижесінде немесе сақтау және пісіру процесінде енуінен болады.
Біздің асүйлеріміз ылғалды ортаны сақтайды, үстелдерде, азық-түлік кесетін тақталарда, раковинада және тоңазытқышта көптеген органикалық қалдықтар бар. Бұл көзге көрінбейтін патогендік микрофлораның көбеюіне қолайлы жағдай, ол ыдыс-аяқ пен өнімдерге оңай ауысып, жұғады.
Олардың өмір сүру процесінде патогендік микроорганизмдер көптеген токсиндерді шығарады, адам ағзасын ластанған тамақпен уландырады.
Тамақтан улануды болдырмау үшін алдын алудың арапайым ережелерін сақтау қажет:
Халыққа:
– мейрамханалар мен кафелерді мұқият таңдаңыз, өзіңіз барған немесе туыстарыңыз немесе достарыңыз ұсынған беделді мекемелерге барыңыз;
– рецепті термиялық өңдеуді, әсіресе теңіз өнімдерін көздемейтін тағамдарға тапсырыс беруден және тұтынудан бас тартыңыз;
– ешбір жағдайда мекемелерден әкелінген тағам қалдықтарымен үйдегі туыстарыңызға бермеңіз;
– Көшедегі стихиялық сауда орындарынан азық-түлік сатып алмаңыз.
Кәсіпкерлерге:
– қызмет басталғанға дейін рұқсат құжатын (сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, егер объект болмашы эпидемиологиялық мәнге жататын болса, қызметтің басталуы туралы хабарлама) алуы тиіс;
– медициналық тексеруден өтпеген адамдарды жұмысқа қабылдамауға және тамақ дайындауға және оны өлшеп орауға жіберуге, қызметкерлерді уақтылы медициналық тексеруден өткізуге жол бермеуі тиіс;
– тиісті жағдайлар болмаған және үй-жайлардың ауданы жетіспеген жағдайда технологиялық процестің сақталуын қамтамасыз ету үшін тағамдардың ассортиментін қысқарту қажет;
– шикізатты сатып алу тек сенімді жеткізушілерден жүзеге асырылады;
– тез бұзылатын өнімге ерекше бақылау жасай отырып, өнімді сақтау, дайындау және жеткізу мерзімдері мен технологиясын қатаң сақтауы тиіс.
Жаппай тамақтан уланудың алдын алу – тұтынушылар мен кәсіпкерлер тарапынан жауапкершілікті талап ететін кешенді шаралар жүйесі екенін ерекше атап өту қажет. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана аурулардың таралуын болдырмай, денсаулықты сақтап, қоғамға ауыр салдарлардың алдын алуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1053157?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау