Сайлаушыларды аудандық мәслихат депутаттарының қабылдау кестесіне сәйкес, Новохатская И.В. өз сайлау округі аумағында азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында Фурманов көшесінің тұрғыны – Конева О. қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнер алаңдарының жеткіліксіз жабдықталуы мен қанағаттанарлықсыз жағдайына байланысты мәселемен жүгінді. Тұрғынның айтуынша, алаңда контейнерлер жеткіліксіз, қоқыс үнемі контейнерден асып төгіледі, ал қоршаудың болмауы қоқыстың айналаға таралуына себеп болады. Мәселе бақылауға алынды.
Сондай-ақ қабылдау барысында 1-ші Некрасов тұйығы, 9 мекенжайының тұрғыны – Атавина Н.А. жүгінді. Мәселе тұрғын үй аумағында ағаштардың бұталары электр желілеріне төніп, сымдарға зақым келтіріп, апатты жағдай туғызуы мүмкін екенінде болып отыр.
Өтініш бақылауға алынды, бұтақтарды кесу және электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін жауапты қызметтерге депутаттық сұраныс жіберілетін болады.
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу депутаттық қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылады және бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bulandy/press/news/details/1053585?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау