Жетісу облысында әлеуметтік қолдау және жастардың репродуктивті денсаулығы мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 тамыз күні ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері жұмыс сапары барысында Кербұлақ ауданындағы және Текелі қаласындағы «Жанұя» отбасын қолдау орталықтарының қызметімен танысты. Іс-шара барысында әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігі талқыланып, орталық қызметкерлерімен пікір алмасылды.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайы ғимаратында Ұлттық комиссияның бастамасымен «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын бірге қорғайық» тақырыбында семинар өтті.

Аталмыш шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі, «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Зүлфия Байсақова, Ұлттық комиссия мүшесі, «Қазақстанның жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы» (КМПА) қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, жоғары санатты дәрігер, сала сарапшысы Галина Гребенникова, аталған қауымдастықтың вице-президенті, дәрігер акушер-гинеколог Мира Сауранбаева, облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов және сала мамандары қатысты.

Семинар барысында сөз алған мамандар жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы — тек медициналық немесе әлеуметтік мәселе ғана емес, сонымен қатар білім мен мәдениет саласымен тығыз байланысты кешенді тақырып екендігін атап өтті.

Шараға қатысушылар көтерілген мәселенің өзектілігін жан-жақты талқылап, ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытта осы бағытта бірлесе жұмыс жүргізуге ниетті екендіктерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/1053342?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version