👨⚕️ Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында – Заманауи еңбек адамы — Темиршиков Сардор Октамович.
Неонатолог-дәрігер және педиатр. Оның еңбегі нәрестенің алғашқы демімен басталып, өмірге жасаған алғашқы қадамына дейін жалғасады.
📚 Білімі:
* ҚазМUNO — «Жалпы медицина»
* Педиатрия бойынша интернатура
* Неонатология бойынша резидентура (Қарағанды медицина университеті)
🩺 «Жаңа туған сәби — тәні де, жаны да пәк. Олардың өмірі үшін күресу — менің саналы таңдауым», — дейді Сардор Октамович
Оның мамандығы — жай ғана жұмыс емес, бұл — жүрекпен атқарылатын қасиетті міндет. Мұнда әр секунд, әр грамм салмақ, әр тыныс маңызды. Сардор Октамович — өмірге жаңа келген сәбилерге үміт сыйлайтын маман.
Ең есте қалатыны — салмағы бір келіге жетпейтін сәбилер. Айлар бойы күрестен кейін олардың ата-анасының құшағында үйге қайтқаны — дәрігердің, команданың, отбасының және сәбидің жеңісі.
💙 Ол өз ісінде — дәлдік пен сабырдың үлгісі, ал ата-аналар үшін — сенім мен қолдаудың символы.
🏡 Отбасы мен жұмыстың арасындағы тепе-теңдікті табу — оның басты қағидасы. Ол әр сәттің қадірін түсініп, жақындарына уақыттың шынайы құндылығын сыйлайды.
✨ Сардор Октамович — үлкен жүректі дәрігер. Ол үшін әрбір баланың өмірі — баға жетпес құндылық. Сіздің қиын да, абыройлы еңбегіңізге шынайы алғысымызды білдіреміз!
#ГодРабочихПрофессий #ЖұмысшыМамандықтарЖылы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-prigorodnaia/press/news/details/1053734?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау