Алматыда жыл сайынғы тамыз конференциясы-2025 өтті
2025 жылғы 25 тамызда Алматыда мұғалімдердің «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты жыл сайынғы тамыз конференциясы өтті.
Конференция Алматының білім беру күнтәртібіндегі, педагогтерді, сарапшыларды, мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ білімнің дамуына қызығушылық танытқан барлық адамдарды біріктірген басты оқиғаға айналды.
Мақсаты – ашық кәсіби алаң құру, тәжірибе алмасу және бірлесіп шешім іздеу. Білім сапасы мен қолжетімділігі, инклюзивтілік, қазіргі заманғы қиындықтар, сондай-ақ мұғалім мамандығының беделін нығайтуға назар аударылды.
Күннің алғашқы жартысында іс-шара аясында төрт негізгі бағытқа арналған панельдік сессиялар өтті. Қазақстандағы еңбекке оқыту мамандықтарының болашағы, мектептер мен колледждердегі қауіпсіздік, ерекше білім қажеттілігі бар балаларға арналған инклюзивті орта, сондай-ақ білім саласындағы ғылыми зерттеулер мен инновациялық әдістер.
«Алматы білім беру саласында жетекші орын алады. Біз мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің тұрақты өсуіне ерекше мән береміз, ал олар өз кезегінде жас ұрпақтың білім деңгейін арттырады. Сонымен қатар, әлемдік тенденциялар бізге жаңа даму мүмкіндіктерін ашады. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен, қалалық әкімдікпен, ата-аналар қауымдастығымен және белсенді азаматтық қоғаммен бірлескен күш-жігердің арқасында біз білім сапасын арттыру үшін ең үздік тәжірибелерді бейімдей аламыз» – деп мәлімдеді Аламты қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов.
Күннің екінші жартысында тамыз конференциясының басты оқиғасы – пленарлық отырыс өтті. Оған Қазақстан Республиксының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, қалалық Білім басқармасының басшылығы және мегаполис мұғалімдерінің 2500-ден астам өкілі қатысты.
Қалалық конференция қатысушыларымен сөйлеген сөзінде Оқу-ағарту министрі білім беру жүйесін қолдау және дамыту, балалардың құқықтарын қорғау, мұғалім мәртебесін арттыру бойынша ауқымды шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Ол Республикалық тамыз конференциясында Мемлекет басшысы мұғалімдердің құқықтарын қорғаудың маңыздылығын ерекше ескерткенін, оларға тән емес міндеттерден босату қажеттігін атап өткенін, сондай-ақ жергілікті билік органдары тарапынан заңның ауыр бұзылуы жағдайында прокуратура органдарының араласуы қажет екенін, сонымен қатар балалармен болған кез-келген қайғылы жағдай үшін мұғалімдерді жазалау мүлде қабылданбайтынын ескерткенін еске салды.
Министр жаңа оқу жылының жаңалықтарына жеке тоқталды. «2025-2026 оқу жылында білім беру процесіне кезең-кезеңімен ЖИ (жасанды интеллект) элементтері енгізілетін болады. Алғашқы қадам ретінде олар «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінде іске асырылмақ. Бұл бағытта орта білім жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары бекітілген. Оқушыларға Day of AI, онлайн-курстары дайындалса, мұғалімдер үшін кәсіби біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады» – деді.
«Сонымен қатар, биылғы жылдың соңына дейін «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында салынған 217 жаңа форматтағы мектептің құрылысы аяқталмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа басқару моделі әзірленді, ал 3 мыңнан астам мұғалім жайлы мектептерде үш деңгейлі оқудан өтті. Аталған модель осы жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істей бастайды. Әдістемелік қолдау Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академияға бекітілген».
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, 2025 жылғы қазан айында Алматыда басқа елдердің білім беру ведомстволары басшыларының қатысуымен бірінші дүниежүзілік инклюзия конгресі өтеді. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Алматыдағы Абай атындағы республикалық мектеп-интернаты «Абай ұлттық мектебі» ретінде трансформациядан өтуде.
Салтанатты бөлім аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің ведомстволық марапаттары мен Алматы қаласы әкімдігі тағайындаған «Білім беру саласындағы үздік ұйым-2025» арнайы сыйлығы табыс етілді.
Көпжылдық еңбекті мойындаудың символы саналатын жоғары мемлекеттік награда – Қазақстан Республикасы министрілігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталды:
- Гүлмира Арынбекова, № 202 мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері пәні мұғалімі, еңбек өтілі 37 жыл;
- Сауле Адильбекова, № 149 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 35 жыл;
- Маржан Сансызбаева, № 168 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, еңбек өтілі 36 жыл;
- Гүлнар Төлепбергенова, И.Қ. Мандоки атындағы № 154 жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мүғалімі, еңбек өтілі 42 жыл;
- Ольга Каминская, Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы № 75 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 39 жыл;
- Балжан Самиева, № 141 жылпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 44 жыл;
- Кенжегүл Сахитова, № 177 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі, еңбек өтілі 42 жыл;
- Күлайым Жетесова, № 200 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі, еңбек өтілі 40 жыл;
- Сауле Омарова, № 76 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 39 жыл;
- Роза Райсова, Жамбыл Жабаев атындағы № 161 лицейдің тарих пәні мұғалімі, еңбек өтілі 36 жыл.
Бірінші рет Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаты Алматы қаласының мектептерінде жұмыс істейтін техникалық қызметкерлерге табыс етілді:
- Райымбек Утениязов, № 176 мектеп-гиназиясының сантехнигі, еңбек өтілі 15 жыл;
- Бағлан Есенбаев, № 206 жалпы білім беретін мектептің электригі, еңбек өтілі 25 жыл;
- Назерке Мангина, № 58 жалпы білім беретін мектептің кіші қызметкері, еңбек өтілі 16 жыл;
- Жанат Саристанов, № 121 жалпы білім беретін мектептің аула сыпырушысы, еңбек өтілі 22 жыл;
- Абзал Касымбеков, № 110 мектеп-гимназиясының электригі, еңбек өтілі 14 жыл.
Жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге қосқан елеулі үлесі үшін Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен келесі білім беру ұйымдарының мұғалімдері марапатталды:
- Бақытгүл Нұршәріп, № 148 мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері пәні мұғалімі, еңбек өтілі 18 жыл;
- Бахыт Жакупов, № 146 мектеп-лицейінің графика және дизайн, бейнелеу өнері мұғалімі, еңбек өтілі 24 жыл;
- Ольга Рубанова, № 34 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 41 жыл;
- Мамыт Басшыбаев, № 210 мектеп-лицейінің бейнелеу өнері пәні мұғалімі, еңбек өтілі 25 жыл;
- Нина Королькова, № 83 гимназияның көркем өнер пәні мұғалімі, еңбек өтілі 40 жыл;
- Ляззат Дурумова, Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің кафедра меңгерушісі, еңбек өтілі 30 жыл;
- Кемал Алиев, Алматы политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері, еңбек өтілі 4 жыл;
- Қарлығаш Болатбекова, № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжінің химия және биология пәні мұғалімі, еңбек өтілі 43 жыл;
- Айгүл Байтекеева, № 1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, еңбек өтілі 26 жыл;
- Шахноза Сафоева, Алматы энергетика және электрондық технологиялыр колледжінің педагог-психологі, еңбек өтілі 8 жыл.
Конференциямен қатар Республика сарайында инновациялық көрме өтті, оған 20-дан астам білім беру ұйымдары, колледждер және технологиялық компаниялар өз жобаларын ұсынды. Олардың ішінде Satbayev дрондары мен VR-тренажерлері, «Жасанды интеллект лабиринті» әдістемелік әзірлемесі, «Eat&Love» жеуге болатын ыдыс жобасы, цифрлық білім беру платформалары, жасанды интеллект негізіндегі шешімдер және кәсіби бағдарлауға арналған жаңа тәсілдер бар. Көрме білім, ғылым және технологияны біріктіретін ең жаңа идеяларды көрсету алаңына айналды.
Тамыз конференциясының соңында мұғалімдер мен шара қонақтарына арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Көрермендер алдында Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері – Роза Рымбаева, Нұрлан Өнербаев, Асылбек Еңсепов және «Дос-Мұқасан» ансамблі өнер көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-edu/press/news/details/1053906?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау