2026 жылдан бастап ҚҚС-тың артық сомасын қайтару жеңілдейді!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа Салық кодексі барлық экспорттаушылар үшін жеделдетілген ҚҚС қайтару тәртібін енгізеді.

Тексерусіз қайтару – бар болғаны 15 жұмыс күні ішінде.

 Шарттары:

           – салық органдарының орындалмаған хабарламалары болмауы;

 – экспорт айналымы жалпы айналымның ≥50%-ы болуы;

 –  соңғы 12 айда қайтарылуға жататын сома тексерумен расталған болуы. 

Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады – бұл тәуекелдерді азайтып, екі тараптың да мүдделерін қорғайды.

  Не өзгереді?

  Жеңілдетілген тәртіпті қолданатын экспорттаушылар саны 20 еседен астамға артады (40–50 компаниядан 1000+ компанияға дейін).

 Қайтару мерзімдері қысқарады:

 – тексеру арқылы – 75 күннен 55 күнге дейін,

 – мерзімнің басталуы – 1 айға ертерек.

 Бұл экспортқа бағытталған компанияларға қаражатты жылдам қайтарып, капитал айналымын арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1053969?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version