📌20–21 тамыз күндері Семей қаласындағы «Ес-Аймақ» рухани орталығында педагогтердің облыстық дәстүрлі Тамыз конференциясы өтеді. Биылғы жиынның тақырыбы – «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман».
🎯Конференцияның басты мақсаты – жастарды саналы кәсіби таңдау жасауға бағыттау, адал еңбекке тәрбиелеу, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және білім беру жүйесін еңбек нарығы талаптарына бейімдеу.
👩🏫Жиынға 300-ден астам педагог, білім беру ұйымдарының басшылары, психологтар, кітапханашылар, әдіскерлер, ардагер ұстаздар, әдістемелік кабинет меңгерушілері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысады.
🏛20 тамыз күні сағат 16:00-де Абай облысы әкімінің төрағалығымен пленарлық мәжіліс өтеді. Оған жергілікті басқару ұйымдары, білім беру мекемелері мен IT-компаниялардың өкілдері қатысады.
🎤Спикерлер:
Берік Уәли – Абай облысының әкімі
Еділ Оспан – ҚР Оқу-ағарту вице-министрі
Бауыржан Туленов – Абай облысы білім басқармасының басшысы
Төлеу Әбішев – Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық
білім академиясының «Тәрбие теориясы
және әдістемесі» орталығының
директоры
Надия Жанұзакова – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Абай облысы бойынша өкілдігінің басшысы
Мағжан Кистаубаев – «ROQED» компаниясының директоры
Каныш Тулеуов- Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі директоры
Нуржанат Еркинбаева – Бесқарағай ауданы №1 мектеп директоры
💻 «Саналы азамат. Сандық дәуір. Білікті маман» цифрлық көрмеде оқушылардың жобалары, жаңа технологиялық шешімдер және еңбек нарығымен сабақтасқан заманауи білім үлгілері ұсынылады.
🎭Мәдени бағдарлама аясында педагогтерге арналған «Мұғалім» спектаклі сахналанады.
📚21 тамыз күні Семей қаласындағы №51 мектепте 10 бағыт бойынша секциялық отырыстар өтеді. Талқыланатын негізгі тақырыптар: кәсіби бағдар, функционалдық сауаттылық, цифрлық білім беру және интеграциялық оқу бағдарламалары.
✅Конференция барысында үздік білім беру ұйымдарына арнайы сертификаттар табысталып, бірқатар педагогтер «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаты және Абай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталады.
📢Барлық БАҚ өкілдерін шақырамыз!
Сұрақтар бойынша: 87479969066 – Салтанат Амантайқызы, Абай облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы
Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-bilim/press/news/details/1053751?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау