20 тамыз күні Зеренді ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында округ әкімі Н. Әбуғалиевтің қатысуымен ақсақалдар және жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кездесуі өтті.
Жиында жолдарды жөндеу жобасына өзгерістер енгізу, ҰОС ескерткішін абаттандыру аясында ардагерлердің есімдерін мемориалдық тақтаға жазу, көшелерді қайта атау және ауданның мерейтойына дайындық мәселелері талқыланды.
Округ әкімі ақсақалдардың пікірінің шешім қабылдаудағы маңыздылығын атап өтті. Кездесу конструктивті әрі нәтижелі өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy-zerendy/press/news/details/1053984?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау