Ақтау қаласының 39-шағын аудан 12-үй ауласында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстары барысында тұрғын үй аумағында жиналған ірі көлемдегі қоқыс қалдықтары шығарылды.
Аталған жұмыстарға 40 қызметкер және 3 арнайы техника жұмылдырылып, барлығы 20 тонна қоқыс шығарылды.
– Қала тұрғындары мен қонақтарын және кәсіпкерлерді қаламыздың санитарлық жағдайын жақсартуға бірлесе үлес қосып, аумақты таза ұстауға шақырамыз, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Әсет Баспаев.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1054000?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау