Ақтөбеде алғаш рет жастар арасында Асық ату бойынша Қазақстан чемпионаты басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жекпе-жек» спорт кешенінің аренасына еліміздің 18 өңірінен келген 108 мықты спортшы шығып, дәстүрлі қазақ ойынында өз шеберліктерін көрсетіп, үздіктер атағы үшін бақ сынайды. Төрт күнге созылатын жарысқа 2005–2008 жылдары туған ұлдар мен қыздар қатысуда.

Чемпионаттың ұйымдастырушысы – Ақтөбе облыстық асық ату федерациясы.
Жарыстың демеушісі – Қазхром компаниясы. Компания бірнеше жылдан бері Павлодар және Ақтөбе өңірлерінде асық ату спортын дамытуға белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді.

«Жасөспірімдер арасында чемпионат өткізу – біз үшін үлкен қуаныш. Асық ату – жай ғана ойын емес, ол – мәдениетіміз бен мұрамыздың бір бөлігі. Жастар арасында бұл спорт түріне деген қызығушылықтың артып жатқаны қуантады. Үнемі қолдау көрсететін Қазхром компаниясына алғысымызды білдіреміз – осындай серіктестердің арқасында ұлттық дәстүрлерімізді дамытып, насихаттай аламыз», – деді Ақтөбе облыстық асық ату федерациясының президенті Елтай Утегулов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-digital/press/news/details/1053742?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version