Аудан әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күн тәртібінде аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қорғау, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ «Мектепке жол» акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар талқыланды. Үшінші мәселе бойынша слайдтық презентация көрсетіліп, комиссия мүшелерінің балалар және спорт алаңдарын аралау барысында олардың қауіпсіздік деңгейін тексеру, балалар жарақатының алдын алу шаралары қаралды.

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді, орындалу барысы бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/1053857?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version