Аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылдың күзгі жиын-терім жұмыстарына қажетті жанар-жағармай (дизель) отынын Шардара ауданы бойынша таратушы операторлар болып «KZ Мұнай-2» ЖШС-гі (директоры Поштаев Ерлан, байланыс телефоны: +7-775-757-77-76, мекен жайы Шымкент қаласы, Абай көшесі № 1 ғимараты) бекітілуіне байланысты интернет-ресурста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне бекітілген дизель отынын алуға өтінімдерді мына электрондық ақпараттық жүйе бойынша: “gosagro.kz” сайтына кіріп, жоғарыда көрсетілген таратушы операторды таңдап, бекітілген дизель отыны көлемінің өтінішін қыркүйек айының 3 күнінен кешіктірмей жіберу керектігін хабарлайды. Өтінішті жіберу кешіктірілген жағдайда “gosagro.kz” сайтынан жойылатынын назарларыңызға саламыз. Бұл ретте ақпараттық жүйеге кіру электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту: Сұрақтар бойынша анықтама алу үшін әр бір ауылдық округінің жер маманына не болмаса аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне (байланыс нөмірі – 7-708- 390- 91- 37) хабарласу.
 
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1054272?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version