АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдау барысында азаматтар тарапынан жер пайдалану, коммуналдық қызметтердің сапасы, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамыту және елді мекендерді абаттандыру бағытындағы сұрақтар қаралды.

Аудан әкімі тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін мұқият тыңдап, әрбір өтініш бойынша нақты шешу жолдары талқыланды. Қойылған сұрақтарға байланысты тиісті тапсырмалар ауылдық округ әкімдеріне, сондай-ақ аудандық бөлімдердің басшыларына жүктелді.

Азаматтарды жеке қабылдау – тұрғындардың көкейіндегі мәселелерді тікелей жеткізуіне мүмкіндік беретін тиімді алаң. Әр апта cайын аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша алдын-ала жазылу арқылы қабылдайтынын еске саламыз.

Қабылдауға 8 (721-44) 21-7-21 нөмірі бойынша жазылып, толығырақ ақпарат алуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1053953?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version