Теректі ауданы Подстепное ауылы №2 ЖОББМ базасында МдҰ педагогтері, әдіскерлері мен қауымдастық мүшелеріне арналған «Мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру мазмұн мен әдістемелік жаңашылдық» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша секциясы;
Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №3 ЖОББМ базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектептен Адал азамат-сапалы білім мен тәжірибе бастауы» тақырыбында бастауыш сынып секциясы;
Ақжайық ауданы Абай атындағы МГ мен №1 ЖОББМ базасында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер мұғалімдеріне арналған «Құндылықтарға негізделген сапалы білім-нақты нәтиже» тақырыбындағы ҚГБсекциясы;
Бәйтерек ауданы Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ базасында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер мұғалімдеріне арналған «Сапалы білім– жаратылыстану-математикалық сауаттылықтың негізі» тақырыбындағы ЖМБ секциясы;
Тасқала ауданы Қ.Сәтбаев атындағы МГ базасында көркем-эстетикалық бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған «Эстетикалық пән мұғалімінің кәсіби жауапкершілігі шығармашылық пен сапа» тақырыбындағы көркем-эстетикалық пәндер бағытындағы секциясы;
Шыңғырлау ауданы Алмаз МББК базасында шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне арналған «Цифрлық білім заманауи технология мен мұғалім шеберлігінің үндестігі» тақырыбындағыШЖМ секциясы;
Жаңақала ауданы Жаңақала МГ базасында мектеп
координаторлары мен пән мұғалімдеріне арналған«Құндылыққа бағытталған сапалы білім эксперименттік қызметтің тәжірбиесі» тақырыбындағы эксперименттік алаң секциясы;
Сырым ауданы Қ.Мырзалиев ат. ЖОББМ базасында мектеп кітапханашыларына арналған «Мектеп кітапханасы ісіндегі инновациялық технологиялар жаңа жетістіктер мен жаңа құралдар» тақырыбындағы кітапхана ісі бойынша секциясы;
Казталов ауданы Казталов МЛ базасында БББ-нің әдіскерлері, ТІЖО, сынып жетекшілер мен кәсіби бағдар берушілерге арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы тәжірибе мен идеялар» тақырыбындағы тәрбие бағыты бойынша секциясы;
Қаратөбе ауданытарихи – өлкетану мұражайы базасында БББ-нің әдіскерлері, қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Педагогтің кәсіби келбеті қосымша білім беру миссиясы» тақырыбында ҚББ бойынша секциясы;
Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы ЖОББМ базасында БББ -нің әдіскерлері мен арнайы мамандар үшін «Білім баршаға ерекше білім беруді қолдау тәжірибесі» тақырыбындағышығармашылық алаңы өтті.
Панельдік секция жұмыстарында мектепке дейінгі білім, бастауыш және орта білім, қосымша білім беру, тәрбие мен әлеуметтендіру, цифрлық трансформация, білім сапасын басқару бағыттары қамтылды.
Секция жұмысының спикерлері – Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының, «Е-кітапхана» жобасының, ПШО мен «Өрлеу» БАҰО АҚ, «MARS ROBOTICS» робототехника және инженерия мектебінің, «Интеллектум» қосымша білім беру орталығының,«Bilim Media Group» компаниясының, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің өкілдері.
Шеберлік сыныптар, пікірталас алаңдары мен әдістемелік көрмелер арқылы педагогтер мектепке дейінгі тәрбиелеудегі инновациялық әдістер, пәндерді оқытудағы құндылыққа бағытталған тәсілдер, білім беру сапасын арттыру тетіктері, заманауи цифрлық технологияларды пайдалану, жас ұрпақты адалдық, жауапкершілік құндылықтарында тәрбиелеу бағытындағы маңызды қадамдар мен жас мамандарды қолдау және педагогикалық жаңашылдықтар жайында тәжірибе алмасты. Әдістемелік нұсқау хат таныстырылды.
Панельдік секция жұмысына1000-нан астам педагог қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1053738?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау