БҚО-да бопсалау фактісі бойынша күдікті ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласында 23 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау күдігімен ұсталды. БҚО Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы анықтағандай, күдікті үш жыл бойы бұрынғы қызының интим сипаттағы фотосуреттерін интернетке таратамын деп қорқытып, одан ақша талап еткен. Осы уақыт аралығында жәбірленуші оған 9 миллион теңге берген. Бопсалау фактілері банктік аударымдармен және мессенджердегі хат-хабарлармен дәлелденген.

Күдікті 150 мың теңге көлеміндегі қаражатты кезекті рет алған сәтінде қылмыс үстінде ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Істің тергелуі департамент басшылығының бақылауында.

❗️Полиция ескертеді: кез келген бопсалау жағдайында бірден құқық қорғау органдарына хабарласу қажет. Өздігінен мәселені шешуге тырыспаңыз және қаскөйлердің талабына көнбеңіз — бұл жағдайды ушықтыруы мүмкін. https://www.instagram.com/p/DNipaZJMHq2/

#заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1054285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version